Қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың (17-0) менеджері Саят Әбдірахманов "Спорт Шредингера" Youtube-арнасына UFC журналисі Лаура Санконың спортшыға деген қызығушылығын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұл керемет қой. Мен онымен бұл туралы сөйлестім. Ол бізге Шавкатты АҚШ-та жарнамалауға көп көмектесіп жатыр. Ол шынымен Шавкаттың жанкүйері", - деді Әбдірахманов.
Менеджер Лораның қазақ тілін үйреніп жүргенін де айтты.
"Менің ойымша, бұл - комбинация. Оның күрескерлік шеберлігі мен харизмасы. Шавкат қарапайымдылығымен Америкада танымал. Лорамен бір қызық жағдай болған. Ол дайындалып, қазақ тілін үйреніп жүр. Оның маған "дұрыс айтып жатырмын ба?" деген хабарламасы да бар. Ол өте жақсы сөйлейді. Жалпы, бұл оқиға таралып кетті ғой. Лораны да жанкүйерлер көзден таса қылмайды", - деді Әбдірахманов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!