Қазақстандық жартылай орта салмақтағы файтер Шавкат Рахмонов келесі UFC жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилмен кездесетінін, ал жекпе-жек 2023 жылғы көктемге ауыстырылатынын растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарсыластар 14 қаңтарда кездесуі керек еді, бірақ Нил жарақат алып, турнирден бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, кейін Instagram желісіндегі тікелей эфирде Шавкат америкалықпен жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады.
"Джефф Нил жарақат алды. Басқа қарсылас шыға алмады. Құдай қаласа, жекпе-жек наурызға шегерілді", - деді Рахмонов.
Бұған дейін ресейлік инсайдер Игорь Лазорин Рахмоновқа рейтингі 0-ден төмен адаммен жекпе-жек өткізу тиімсіз екенін хабарлаған. АҚШ-тың тағы бір файтер Брайан Барберена Рахмоновпен жұдырықтасуға ниет білдірген еді.
Еске салайық, Нил жартылай орта салмақтағы файтерлер арасында UFC рейтингінде жетінші, ал Рахмонов оныншы орында тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!