Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (№76 WTA) Франция ашық чемпионатының екінші айналымына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Бастапқы кездесуде отандасымыз әлемдік рейтингте 58-орында тұрған Аустралия өкілі Талия Гибсоннан басым түсті.
Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 20 минутқа созылды. Алғашқы сетте есе жіберген Юлия Путинцева кейін мінез көрсетіп, ойын тізгінін өз қолына алды. Осылайша есеп мынадай болды: 4:6, 6:4, 6:1.
Париждегі "Үлкен дулыға" турнирінің келесі кезеңіне өту үшін Юлия Путинцева Мария Осорио (Колумбия, №86 WTA) және Екатерина Александрова (Ресей, №14 WTA) арасындағы кездесу жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!