Путинцева Монреальдағы турнирдің бірінші айналымында америкалық теннисшіні ұтты

Путинцева Монреальдағы турнирдің бірінші айналымында америкалық теннисшіні ұтты
Фото: Қазақстан теннис федарациясы

Әлемдік рейтингіде 61-орында тұрған Юлия Путинцева Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында әлемнің 53-ші ракеткасы америкалық Бернарда Перуды ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.

9 тамызда өтетін екінші айналымда Путинцева әлемнің 3-ракеткасы америкалық Джессика Пегуламен ойнайды.

Айта кетейік, Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бұл турнирдің іріктеуінен де өте алмаған еді. Алайда теннисшілердің біреуі жарыстан шығып қалғаннан кейін негізгі кезеңге жолдама алды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан