Юлия Путинцева Осакадағы WTA 250 турнирінің ширек финалына еш қиындықсыз өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екінші айналымда қазақстандық ресейлік Валерия Савиныхты 6:1, 6:2 есебімен ұтты.
Турнирдің ширек финалында Путинцева жапониялық Химено Сакацумемен (әлемнің 184-ракеткасы) я қытайлық Синью Ван (әлемнің 39-ракеткасы) мен швейцариялық Хиль Белен Тайхман (әлемнің 138-ракеткасы) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры - 259 мың АҚШ доллары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!