Путинцева АҚШ-тағы турнирде сәтті өнер көрсетті

Путинцева АҚШ-тағы турнирде сәтті өнер көрсетті
Фото: ҰОК

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы жұптық сында Италия теннисшісі Элизабетта Коччареттомен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Ширек финалда олар Грузия өкілі Екатерина Горгодзе және Мексика спортшысы Рената Сарасуадан құралған жұпты жеңді. Қорытынды есеп - 3:6, 7:5, 10:7.

Финалға жолдама алу үшін Юлия Путинцева мен Элизабетта Коччаретто америкалық Кэтти Макнелли және Дезире Кравчикпен кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget