ПСЖ президенті адам ұрлау мен азаптауға қатысы бар деген күдікке ілінді

Париж соты "Пари Сен-Жермен" президенті Нассер әл-Хелаифиге қарсы адам ұрлау мен азаптауға қатысы бар деген айып бойынша сот ісін бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі rsport.ria.ru-ға сілтеме жасап.

2022 жылы лоббист Тайеб бен Абдеррахман азаматтық сотқа жүгінген, онда ол әл-Хелаифиді оны ұрлауға, мәжбүрлеп түрмеге жабуға және азаптауға қатысы бар деп айыптады. Дүйсенбіде Париж сотының үш судьясы талап арызда және айыптаушы жақта көрсетілген деректерді тексеру үшін тағайындалды.

Бен Абдеррахман 2020 жылғы қаңтарда Катарда тұтқындалған. Ол өзін алты айға жуық қамауда болып, онда азапталғанын айтты. Лоббист қонақүйдегі үйқамаққа ауыстырылған және 2020 жылғы қарашада ол әл-Хелаифиге қатысты "құпия" құжаттар туралы тіс жармауға уәде берген, жария етпеу туралы хаттамаға қол қойған кезде елден кетуге рұқсат алған.

Дереккөз мәліметінше, бұл құжатта ПСЖ президентінің көңілдесімен интим видеолары, сондай-ақ, әл-Хелаифидің Халықаралық футбол федерациясының бұрынғы бас хатшысы Жером Валькемен және Катар әмірімен 2022 жылғы әлем чемпионатының матчтерін көрсету құқығына қатысты келіссөздің жазбалары болған.

Бен Абдеррахман ПСЖ президентінің қызметі туралы қолында бар құжаттарды жариялау үшін қол қойған хаттамасының күшін жою туралы сотқа шағымданды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!