"Пари Сен-Жермена" және Марокко құрамасының футболшысы Ашраф Хакимидің басы дауға қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Le Parisien басылымының мәліметінше, өткен жексенбіде полицияға 24 жастағы қыз шағымданған. Алайда ол арыз жазудан бас тартқан, полиция қызметкері мұны басшылыққа жеткізген, енді бұл іспен прокуратура айналысатын болды.
Қыздың айтуынша, ол Хакимимен Instagram желісі арқылы танысқан, кейін футболшының Париж маңындағы Булонь-Бийанкур коммунасындағы үйіне барған. Үйде Ашраф оны ернінен сүйіп, шешіндірмек болған. Ары қарай келеңсіз әрекет жасамақ болған.
Ақыры қыз ПСЖ ойыншысын итеріп жіберіп, досына хабарлама жазған. Кейін досы қызды алып кеткен.
Қазір Хакимиге нақты айып тағылған жоқ. Айта кетейік, футболшының әйелі мен екі баласы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!