"Пари Сен-Жермен" клубы Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеленің болашағына қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Журналист Фабрис Хокинстің мәліметінше, париждік клубтың басшылығы Дембелеге келісімшартын тағы бір немесе екі жылға ұзартуды ұсынып отыр. Тараптар ортақ келісімге келсе, 29 жастағы шабуылшы командада 2029 немесе 2030 жылға дейін қалады.
Тараптар арасындағы келіссөз бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Алайда ПСЖ Дембеленің болашағына алаңдаушылық танытып отырған жоқ. Себебі клуб та, футболшының өзі де ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі.
Келіссөздер қазіргі трансферлік кезең аяқталғаннан кейін қайта жалғаспақ. Шабуылшының ПСЖ-мен жасасқан қазіргі келісімшарты 2028 жылғы 30 маусымға дейін жарамды.
Айта кетейік, 2026 жылы ПСЖ Чемпиондар лигасын жеңіп, Францияның 14 дүркін чемпионы атанды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова