Футболдан Франция чемпионы "Пари Сен-Жермен" бас бапкер және бірқатар ойыншының келісімшартын ұзарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Париждік клуб мына мамандар мен футболшылардың келісімшарты ұзартылғанын жариялады:
- бас бапкер Луис Энрике - 2030 жылға дейін;
- бразилиялық әмбебап ойыншы Лукас Бералдо - 2031 жылға дейін;
- франциялық жартылай қорғаушы Сенни Меюлю - 2031 жылға дейін;
- португалиялық жартылай қорғаушы Жоау Невеш - 2031 жылға дейін;
- эквадорлық қорғаушы Вильян Пачо - 2031 жылға дейін;
- испаниялық жартылай қорғаушы Фабиан Руис - 2028 жылға дейін.
Айта кетейік, қазір ПСЖ Лига 1 турнир кестесінде үш ойыннан кейін екі ұпай жинап, 13-орында тұр. Луис Энрикенің шәкірттері чемпионаттағы келесі кездесуін 12 қыркүйекте өз алаңында "Лионға" қарсы өткізеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова