ПСЖ “Арсеналды“ ұтты: матчтен кейін Микель Артета қызық пікір айтты

ПСЖ “Арсеналды“ ұтты: матчтен кейін Микель Артета қызық пікір айтты
Фото: ©Global Look Press

"Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета Чемпиондар лигасының 1/2 финалындағы бірінші матчте "Пари Сен-Жерменнен" (0:1) ұтылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл кездесу Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өткен болатын. 

"Біз бұдан да жақсы нәтижеге лайық едік. Бұл әлі бірінші матч қана. Дәл осылай "Реалмен" өткен кездесуден кейін де айтқан едім. Енді біз Парижге барып, жеңіске жетуіміз керек. Ойынды қайта қарап, кейбір аспектілер бойынша жұмыс істейміз. Иә, бұл - 50/50 жағдай", – деді ол Canal+ телеарнасына берген сұхбатында.

Қарымта матч 7 мамырда Парижде өтеді.

Айта кетейік, 1 мамырға қараған түні Чемпиондар лигасының өзге жартылай финал матчінде "Барселона" мен "Интер" кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget