- Негізгі бет
- Спорт
- Президент теннисші Елена...
Президент теннисші Елена Рыбакинаны Брисбендегі жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанған теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Аустралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Еске салайық, Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанған болатын.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнады.
Қарсыластар бұған дейін жеті рет кездесіп, оның бесеуінде Беларусь теннисшісі жеңіске жеткен.
Елена Рыбакина бұл жолы алғашқы сетте қарсыласына бірде-бір сетті бермеді. Есеп 6:0.
Екінші сетте есеп 2:1 болғанда Арина Соболенко медициналық үзіліс алды. Одан кейін ол екі геймде ғана жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші екінші сетте 6:3 есебімен мачты аяқтады.
Елена Рыбакина 1 сағат 12 минутқа созылған матч кезінде жеті эйс жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Ал Арина Соболенко үш эйсті орындап, бір қос қателік жасады және бір брейк-пойнтты өз есебіне жазды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина