Президент футболды дамыту мәселесіне арнайы тоқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелес орта қалыптастыру шаралары жүргізіліп жатқанына назар аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент УЕФА атқарушы комитетінің мүшесі және "Пари Сен-Жермен" клубының акционері ретінде футболды насихаттауға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хелаифиге алғыс айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық падел федерациясымен ынтымақтастығын нығайту елімізде осы спорт түрін дамытуға әрі танымалдылығын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!