Алматы полициясы "Қайрат" пен "Ақтөбе" матчі кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Алматыда "Қайрат" ФК мен "Ақтөбе" ФК арасында футбол матчі өтеді. Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдиновтің айтуынша, спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.
"Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар, матч өтетін аумақ толық бақылауда болады", - деді ол.
Сондай-ақ, полицей жанкүйерлерді стадиондағы ережелерді сақтауға шақырды.
"Футбол - эмоция, қолдау және өз командаңа деген адалдық. Алайда баршаға ортақ бір қағида бар: заң мен қоғамдық тәртіп кез келген эмоциядан жоғары", - деді Айдын Қабдулдинов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!