1969 жылдың 19 қарашасы Бразилия футболының тарихына енді. Атақты «Маракана» стадионында «Сантос» пен «Васко да Гама» кездесуінде Пеле өзінің 1000-шы голын соғады. Осыған орай Бразилияның байланыс министрі пошта маркасын шығарады. Бұл жеке футболшының жетістігіне байланысты шығарылған тарихтағы алғашқы пошта маркасы болды. Бразилия халқы әлі күнге дейін 19 қарашаны «Пеле күні» ретінде тойлайды.
Осыдан жарты ғасыр, нақтырақ айтсақ, 48 жыл бұрын болған тарихи оқиғаны футбол королі өзінің инстаграм парақшасында да еске алды.
Жалпы, ол өзінің спорттық карьерасында 1389 гол соққан (кейбір деректерде 1281). Жиырма бір жылға жуық кәсіби спорттық ғұмырында осынша голдың авторы атанған. Пеле бұл көрсеткіш бойынша чехиялық Йозеф Бицан (1468) және неміс Герд Мюллерге (1461) ғана жол береді.
Естеріңізге сала кетейік, Пеле немесе Едсон Арантес до Насименто — әйгілі бразилиялық футболшы, XX ғасырдың үздік футболшысы, үш дүркін әлем чемпионы (1958, 1962, 1970). Пеле Халықаралық олимпиада комитетiнің болжамы бойынша XX ғасырдың спортшысы деп мойындалды. Сантос және Нью-Йорк Ғарыш клубтарында ойнаған. Бразилия құрамасында 92 матч өткізіп 78 гол соққан. Әлем чемпионатын ойыншы ретінде ұтқан рекордшы — үш титулға қол жеткізген. Төрт рет әлем чемпионатын қатысқан. 1970 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы.
Әлемнің танымал басылымдары Пелені 100 жылдықтың үздік ойыншысы деп таныды. Бразилиялық футболшы World Soccer, France Football, Guerin Sportivo, Placar журналдарының тұжырымы бойынша XX ғасыр футболшыларының арасында бірінші орында тұр. Пеле сондай-ақ ФИФА-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың әлем құрамасына енген.