2-9 желтоқсан аралығында Павлодарда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған еліміздің үздік боксшылары қатысып, кіл мықтыда кім мықтыны анықтайтын болады.
Турнир қорытындысы бойынша жаттықтырушылар штабы Қазақстан командасының құрамына түзетулер енгізеді. Сондай-ақ жақын арадағы құрама резерві құрылады.
Айта кетейік, қазақ боксшылары қараша айында Иордания елінің астанасы Амманда өткен ХХХІІ Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. 27 елдің (181 ер мен 86 әйел) шаршы алаң шеберлері сынға түскен додада Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасының нәтижесін қоса есептегенде, жалпы есепте 1-орын алды.