Павел Колмаков Олимпиаданың финалына тікелей жолдама алды

Павел Колмаков фристайл-могулдан Олимпиаданың финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан іріктеу кезеңі өтті. Бұл сайыста әлем чемпионатының қола жүлдегері Павел Колмаков бақ сынап, 76.24 ұпаймен 9-орынға тұрақтады.

29 спортшы қатысқан сайыста ТОП-10 спортшы финалға тікелей жолдама алды.

Айта кетейік, финал 12 ақпанға жоспарланған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз