Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Парижде (Франция) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың тізімін жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұған дейін алдын ала тізімге Әбиба Әбужақынова енген еді. Ал жаңартылған тізімге зер салсақ, "Үлкен Дулыға" турнирінде ел намысын 12 спортшы қорғайды:
- 60 келіге дейін: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан
- 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
- 73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
- 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
- 90 келіге дейін: Айдар Арапов
- 100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
- 100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай
Айта кетейік, турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова