Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың тізімі шықты

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Парижде (Франция) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың тізімін жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін алдын ала тізімге Әбиба Әбужақынова енген еді. Ал жаңартылған тізімге зер салсақ, "Үлкен Дулыға" турнирінде ел намысын 12 спортшы қорғайды:

  • 60 келіге дейін: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан
  • 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
  • 73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
  • 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
  • 90 келіге дейін: Айдар Арапов
  • 100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
  • 100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай

Айта кетейік, турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!