"Парижде не боласыңдар?" Дзюдодан ұлттық құраманың нәтижесі неге төмендеп кетті?

"Парижде не боласыңдар?" Дзюдодан ұлттық құраманың нәтижесі неге төмендеп кетті?
Фото: Көрнекі сурет: olympic.kz

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов дзюдодан ұлттық құраманың нәтижесі неге төмендеп кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілі Мырзабосыновқа:

"Жақында Жапония елінде дзюдодан Grand Slam жарысы өткен болатын. Бірақ спортшыларымыз ешқандай нәтиже көрсетпеді. Фарнциядан маман алып келдіңіздер. Бірақ бұрынғыдай жақсы нәтижені көрмедік. Маманмен жұмысты жалғастыра бересіздер ме? Нақты қандай жұмыс атқарып жатсыздар? Париж Олимпидасында нәтиже қалай болмақ?" - деп сұрақ қойды.

Комитет төрағасы Франциядан келген 3 маман дайындық әдістемелерін алып келіп, жұмыстарын атқарып жатқанын айтты.

"Жұмыс атқарғандарына 2 жылдай уақыт өтті. Олимпиада ойындарына 227 күн қалды. Токиода өткен Grand Slam жарысының нәтижесі өте төмен деуге болады. Бірақ оған қарамастан біздің бірнеше салмақ дәрежесінде үміттеріміз бар. Рейтинг жүйесінде қай спортшымыз алда болады, сол Олимпиадаға барады. Бірақ қосымша осы жарыстардан кейін аналитика жасап, іштегі бар жаттықтырушылармен ғылыми топ құрып, осы проблемаларды анықтаймыз. Келесі Гран-при және Гран-слэмға дайындалып, Олимпиада ойындарына бар спортшылармен дұрыс жақсы формамен келуіміз керек", - дейді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.

Жасұлан Ордабаев

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz