Париж Паралимпиадасында Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті

Париж Паралимпиадасында Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті
Фото: olympic.kz

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржыны кезекті қоламен толықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

J2 санатында сынға түскен пара дзюдошы Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды. 

Ол 57 келі салмақта сынға түсіп, кіші финалда түркиялық қарсыласын жеңді. 

Осылайша, Федосова Париждегі Паралимпиада ойындарының қола медалін иеленді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget