Париж Олимпиадасының медальдары таныстырылды

Париж Олимпиадасының медальдары таныстырылды
Фото: instagram.com/juegosolimpicos

Париж Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті ойындардың медальдарын ресми түрде таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazsport-қа сілтеме жасап.

Парижде өтетін Олимпиаданың әрбір медаліне Эйфель мұнарасының бөлігі қосылған.  Алтыбұрыш пішінінде жасалған бөліктің ортасына жазғы Олимпиада ойындарының логотипі бейнеленген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Juegos Olímpicos (@juegosolimpicos)

Бөліктің алтыбұрыш болу себебі Францияның картасы алтыбұрыш және бұл елді бейресми "Гексагон" (латынша, гекса - алты) деп атайды.

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Онда спорттың 32 түрінен 329 жүлде сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасында әзірше спорттың 11 түрінен 19 олимпиадалық лицензия бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан