200 күннен кейін Франция елінің астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындары басталады. Төрт жылда төрткүл дүниенің кіл мықты спортшылары бақ сынайтын бәсекеге жолдама сыйлайтын жарыстар басталып та кетті.
32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы үшін додаға қосылатын саңлақтардың арасында біздің де спортшылар бар. Әзірге еншімізде спорттың 8 түрі бойынша 17 лицензия бар. Олар: садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек рим және еркін күрес, бокс, спорттық гимнастика.
Қазақстан құрамасы спорттың 20 түрінен 100-ге жуық жолдама алуды жоспарлап отыр. Жуырда ғана Астанада Олимпиада және Паралимпиада ойындарына арналған арнайы штаб ашылды.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция астанасы осымен үшінші рет Олимпиада ойындарын өткізуге мүмкіндік алды. Бұған дейін 1900 және 1924 жылдары өткізген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз