- Негізгі бет
- Спорт
- Париж олимпиадасы: спортшылардың...
Париж олимпиадасы: спортшылардың киімі Қазақстанда тігілмейді
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж олимпиадасына арналған ұлттық құраманың спорт киімі Қазақстанда тігілмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр дүбірлі додаға қатысатын Қазақстан спортшыларының киімі сапалы болады деген пікірде.
"Себебі, қаңтарда үлкен комиссия құрылды. Оған әлем және Олимпиада чемпиондары, қоғам белсенділері енді. Жалпы 25 адам болды. Бірінші кезеңге 8 дизайнер қатысты. Нәтижесінде 6 форманың эскизін таңдап алдық. Алайдың оның арасында дұрыс форма болмады. Сондықтан екінші кезеңді ұйымдастырдық. Нәтижесінде сіздерге көрсеткен форманы таңдап алдық", - деді Ермек Маржықпаев Мәжіліс куларында.
Ведомство басшысы Париж олимпиадасына арналған спорт киімдерін тигуге бюджеттен қаржы бөлінбейтінін атап өтті.
"Киім сапалы болады. Спорттық киімді Испанияның Joma компаниясы тігеді. Киімдер шетелде тігіледі. Өйткені қаржы демеушілер есебінен болады. Қазір нақты қаржы туралы айта алмаймыз. Себебі, оны санап жатырмыз. Әзірге соманы білмейміз. Алдымен (Париж Олимпиадасына) қанша спортшы баратынын анықтап алайық. Бүгінде елімізде 32 лицензия бар. Ол – 31 адам. 50-70 лицензия аламыз деген сенім бар. Осыған байланысты қанша қаржы керектігін қарастырамыз", - деді министр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Есен