Париж Олимпиадасы: Ислам Сәтбаев Қазақстанға нысана көздеуден алғашқы жолдаманы сыйлады

Париж Олимпиадасы: Ислам Сәтбаев Қазақстанға нысана көздеуден алғашқы жолдаманы сыйлады
Фото: instagram.com/drs_kz

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз Ислам Сәтбаев пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалына шығып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол 206,5 ұпай жинап, 4-сатыға тұрақтады.

Мұнда швециялық Виктор Линдгрен (251,3 балл) чемпион атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 балл) күміс жүлде алды. Үздік үштікті чехиялық Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетейік, бұл нысана көздеуден Ұлттық құраманың алғашқы Олимпиада лицензиясы.

Айта кетейік, 24 жастағы Ислам Сәтбаев биыл Джакатада өткен Әлем кубогында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден 3 медаль жеңіп алған. Ол тура бір жыл бұрын осы Бакудағы Әлем кубогында қола жүлдегер атанған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан