"Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Луис Энрике Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турындағы "Боруссиямен" матчтен кейін Килиан Мбаппе туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
F тобындағы кездесу Париждегі "Парк-де-Пренс" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Бұл матчте Килиан Мбаппе (49-минут, пенальтиден) және Ашраф Хакими (58) гол салды.
"Мен үшін Мбаппе - қазір ең мықты футболшы. Мені, ең алдымен, оның адами қасиеттері тамсандырады, үнемі күліп тұратын ойыншың болғаны қуантады. Команда үшін осындай менталитеті мықты көшбасшының болғаны маңызды", - деді Энрике.
Тағы да оқи отырыңыздар: Анорексия мен булимия деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!