Бүгін Сочидегі ХІ Паралимпиада ойындарының шаңғымен жарысудан спринт сынында жерлестеріміздің жолы болмады. Қазақстандық 5 спортшы да іріктеу кезеңінен өте алмай қалды.
Жарыс жолына бірінші болып шыққан Жаңыл Балтабаева 1 шақырымдық спринт сайысының іріктеу кезеңінде соңғы орынға тұрақтады. Дәл осындай көрсеткішті әйелдер арасындағы 1 шақырымдық шаңғымен түрегеп жарысу және еркін әдіс сынында бақ сынаған Елена Мазуренко да көрсетті. Ал ерлер арасындағы осы қашықтықты еркін әдіспен жүріп өту жарысында Александр Колядин 33-орынды, Ерлан Омаров 35-орынды (бұл да соңғы орын) қанағат тұтты. Көзінен жарақат алған спортшылар арасындағы 1 шақырымдық еркін әдістегі спринт бәйгелерінің іріктеу кезеңінде Қайрат Қанафин 13-ші орыннан көрінді. Алайда оның нәтижесі келесі кезеңге өтуіне жеткіліксіз болды.
Естеріңізге сала кетсек, Сочи ХІ қысқы Паралимпиада ойындары 7 наурыз бен 16 наурыз аралығында өтеді.
| Орын | Мемлекет | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы |
| 1 | Ресей | 12 | 15 | 9 | 36 |
| 2 | Германия | 6 | 0 | 0 | 6 |
| 3 | Украина | 3 | 3 | 5 | 11 |
| 4 | Австрия | 2 | 2 | 0 | 4 |
| 5 | Словакия | 2 | 1 | 2 | 5 |
| 5 | Жапония | 2 | 1 | 2 | 5 |
| 7 | Франция | 2 | 1 | 1 | 4 |
| 8 | Канада | 1 | 3 | 4 | 8 |
| 9 | Ұлыбритания | 1 | 2 | 1 | 4 |
| 10 | Швеция | 1 | 0 | 1 | 2 |
| 11 | Испания | 1 | 0 | 0 | 1 |
| 12 | АҚШ | 0 | 3 | 5 | 8 |
| 13 | Норвегия | 0 | 1 | 0 | 1 |
| 13 | Финляндия | 0 | 1 | 0 | 1 |
| 15 | Беларуссия | 0 | 0 | 3 | 3 |
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: massaget.kz
О. Сансызбай