Токио және Парижде өткен паралимпиада ойындарының жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали елдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың спортына мүлдем мән берілмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Тіпті жүлдені күреп әкеліп жатса да, қарапайым жағдайлар жасалмаған.
"Біз сыйлықтар былай тұрсын, массажист пен дәрігерге, берілуі керек киімге зәру болып қалдық. Жыламаған бала секілді сүттен қағылып жүрміз, сол үшін енді үнсіз қалудың реті жоқтығын түсіндім. Жарыстарға бізбен бірге медиа өкілдері де бармайды, сұхбат беріп, суретке түсіру не видео деген жоқ. Жаттықтырушымыз амалсыз өз қаражатына қажетті құрал-жабдықты сатып алып, жарыстарды түсіріп жүреді, себебі кімнің қандай қателік жібергенін қарап отыру қажет. Келесі жылы Пара Азия ойындары өтеді, ол жарыста жеңімпаз атансақ деген ниетіміз бар, тыңғылықты жаттығу жасау керек, тек сол жаттығуды жасайтын жағдай болса дейсің", - дейді спортшы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек