- Негізгі бет
- Спорт
- Паралимпиада жүлдегерінің үйлену...
Паралимпиада жүлдегерінің үйлену тойында тосын жайт болды
Таиландтық жүзуші, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Чатуронг Суксук үйлену тойында қалыңдығын және тағы үш адамды атып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
BBC мәліметінше, 29 жастағы спортшы үйлену тойынана мылтықпен келіп, 44 жастағы қалыңдығын, сондай-ақ, 62 жастағы анасы мен 38 жастағы әпкесін атып өлтірді. Оқ тигендердің бірі қаза болды. Осыдан кейін Суксук өзін-өзі өлтірді.
Чатуронг қатты мас болған, бірақ ол не себепті мұндай әрекетке барғаны түсініксіз.
Суксук сарбаз болған және заңды түрде қару ұстаған. Ол Таиланд шекарасындағы әскерилендірілген жеңіл жаяу әскер бөлімінде қызмет ету кезінде оң аяғынан айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек