Бүгін бокстан Аммандағы Азия чемпионатының жартылай финалы басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғаш болып жарыс жолына әйелдер шығады. Жартылай финалға Қазақстан құрамасынан тоғыз боксшы шықты. Бәрі де бүгін жұдырықтасады.
Күндізгі сессия, Астана уақытымен 16:00-де басталады:
50 кг. (2-жұп) Назым Қызайбай - Намики Цукими (Жапония)
54 кг. (4-жұп) Жайна Шекербекова - Хуан Сяо Вень (Тайвань)
66 кг. (8-жұп) Мәдина Нұршаева - Чой Хон Гюн (Оңтүстік Корея)
+81 кг. (11-жұп) Ләззат Күнгейбаева - Альфия Тараннум Акрам (Үндістан)
Кешкі сесся, Астана уақытымен 21:00-де басталады:
48 кг. (1-жұп) Алуа Балқыбекова - Фарзона Фозилова (Өзбекстан)
52 кг. (4-жұп) Жазира Орақбаева - Ринка Киносита (Жапония)
57 кг. (6-жұп) Карина Ибрагимова - Нести Петесио (Филиппин)
70 кг. (10-жұп) Дариға Шәкімова - Чень Ньень Чинь (Тайвань)
81 кг. (11-жұп) Гүлсая Ержан - Тхи Хуонг Нгуен (Вьетнам).
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына 12 боксшымен аттанған. Аида Әбікеева (63 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Ал Қазақстан ерлер құрамасы 10 қарашада рингке шығады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!