Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен қолғап түйістірді.
Үш раунд бойы Оразбек Асылқұлов басымдық танытты. Нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша жерлесіміз ақтық сынға өтті.
Айта кетейік, бүгін кешкі сессияда 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездеседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз