Өзбекстан көш бастады, Үндістан екінші орында: қазақстандық боксшылар Ташкентте қандай нәтиже көрсетті?

Ташкентте өтіп жатқан бокстан U-15 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Құрлық біріншілігінің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар 24 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 8 күміс және 9 қола жүлде бар. Өзбекстан құрамасы көш бастады. Екінші орынға Үндістан құрамасы жайғасты.

Қазақстанның ұлдар құрамасы турнирді 10 медальмен аяқтады. Команда қоржынына 5 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде түсті.

Азия чемпионы атанғандар қатарында Бейбарыс Қойшыбай (43 келі), Нұрислам Бактубаев (55 келі), Рауан Тоғызбай (61 келі), Аманжан Жанай (67 келі) және Аян Бауыржан (70 келі) бар. Күміс жүлдені Саят Рахымберді (33 келі), Жақсылық Ермекұлы (35 келі) және Айбын Мәжит (+70 келі) иеленді.

Қыздар құрамасы да жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Самал Төлепберген (52 келі) мен Нұргүл Сахи (67 келі) Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, Нұржанат Бекназар, Сабрина Адилханова, Аруна Шалман, Айару Файзуллаева және Көркем Ғалым күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, турнир бүгін аяқталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!