Өзбекстан екінші орынға тұрақтады: қазақстандық спортшы Таиландта қола алды

Өзбекстан екінші орынға тұрақтады: қазақстандық спортшы Таиландта қола алды
Фото: ҰОК

Таиландтың Районг қаласында еспелі слаломнан халықаралық Thailand Open турнирі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап. 

Алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына қола медаль түсті.

Отандасымыз Владислав Рябко каяк-кросс бағдарламасында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, аустралиялық Севан Билло жарыс жеңімпазы атанды. Өзбекстандық спортшы Самандар Сайдуллаев екінші орынға ие болды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget