Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллиновтың 1/4 финалдағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Зейнуллинов 1/8 финалда өзбекстандық этникалық қазақ Руслан Абдуллаевты сенсациялық түрде 5:0 есебімен жеңген моңғол Чинзорик Баатарсухпен кездеседі.
Айта кетейік, Баатарсух пен Абуллаев 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалында кездескен. Ол кезде Өзбекстан боксшысы айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Еске салайық, Зейнуллинов 1/8 финалда 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері тәжікстандық Баходур Усмоновпен кездескен болатын. Қыңыр жекпе-жекте қазақстандық 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл жекпе-жекте екі боксшы да нокдаунға түсті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!