- Негізгі бет
- Спорт
- Өзбек командасының Қазақстан...
Өзбек командасының Қазақстан чемпионатына неге қатыспайтыны белгілі болды
Фото:
@"Хумо" ХК
Тәшкенттің "Хумо" хоккей клубы келесі маусымда Қазақстан чемпионатына қатыспайды, - деп жазады спорт агенті Никита Филатов.
Клуб құрылғаннан бері әр маусым сайын жалақыларын кешіктіріп отырған. Ал бірақ осы жылы қаңтар айынан бері жалақы бермеген. Қолға жеткен ақпараттар бойынша төлемейтін де көрінеді. Ақша жоқ, осы бәрі бітті, - деп жазды telegram парақшасына.
Өткен маусымда "Хумо" Қазақстан чемпионатында екінші орыннан көрінді. Плей-оффтағы бірінші ойында "Сарыарқаға" жол беріп, жарысты аяқтады.
Айта кетейік, "Хумо" клубы дубль құрамымен 2019 жылдан бері Қазақстан чемпионатына қатысып келеді. Қазақстан кубогында жеңімпаз да атанған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай