Бокстан Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында отандасымыз Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атанды. Финалда өзбек боксшысы Шодиержон Меликузиевке мықтылығын мойындатты.
48 килоға дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз төрешілер шешімі бойынша 29:28, 29:28, 28:28, 29:28 және 29:28 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстаннан финалға 6 боксшы шыққан еді. Алда 5 боксшымыз финалда бақ сынайды.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!