- Негізгі бет
- Спорт
- Ойындардан шеттетілген. ПСЖ-да...
Ойындардан шеттетілген. ПСЖ-да Мессидің басы дауға қалды
Француздың "Пари Сен-Жермен" футбол клубы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді Сауд Арабиясына сапарына байланысты екі аптаға матчтардан шеттетті.
Сондай-ақ Месси жаттығуға қатыса алмайды, ойыннан шеттетілген уақыт үшін жалақы төленбейді.
Дүйсенбі күні Месси ПСЖ-дан клубтың рұқсатынсыз Сауд Арабиясына кеткен. Ол елдің туризм жөніндегі елшісі. Аргентиналық футболшы Франция чемпионатының "Труа" (7 мамыр) және "Аяччоға" (13 мамыр) қарсы матчтарына қатыса алмайды.
35 жастағы Месси осы маусымда ПСЖ сапында барлық турнирлерде 37 ойынға қатысып, 20 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Аргентиналық француз командасында 2021 жылдан бері ойнайды, ПСЖ құрамында ол ел чемпионы және Франция суперкубогының жеңімпазы атанған.
ПСЖ 33 матчтан кейін 75 ұпай жинап, Франция лигасының кестесінде көш бастап тұр.
Т. Раушанұлы