"Тенерифе" клубының 30 жастағы шабуылшысы Хесус де Мигель Испания Сегундасының 12-туры аясындағы "Андорраға" қарсы матч кезінде жүрегі тоқтап, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Massaget.kz.
"Болған жағдайға сенер-сенбесімізді білмей, “Тенерифе” футбол клубы Хесус де Мигель Аламеданың 2026 жылғы 3 қарашада таңғы сағат 8:00-де қайтыс болғанын хабарлайды. Мұндай ауыр қайғыны жеңілдететін сөз жоқ. Біз оның отбасының, жақындарының және осы ауыр қазаға қайғырып отырған бүкіл “Тенерифе” жанкүйерлерінің қайғысына ортақпыз. Хесус де Мигельдің отбасы қолдау көрсеткен баршаға алғыс айтып, осындай қиын кезеңде олардың жеке өміріне құрметпен қарауды сұрайды", – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Ойынның соңғы минуттарында де Мигель "Андорра" қақпашысы Хесус Овононың кеуде тұсына тиген соққысынан кейін жарақат алған болатын. Матч 2:2 есебімен тоқтатылған еді.
Футболшы 2 қарашадан бері ауруханада жатты. Ол есін жимастан қайтыс болды. Бұған дейін ойыншының жансақтау бөлімінде өздігінен тыныс алып жатқаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!