- Негізгі бет
- Спорт
- "Өте қиын болайын...
"Өте қиын болайын деп тұр". Елена Рыбакина алдағы матч туралы айтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші раундындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Өте жақсы ойын болды және өз ойыныма өте ризамын. Басынан аяғына дейін жинақы болдым. Өзімді әлдеқайда сенімді сезінемін. Ал жабық шатырда өткен екінші матчта өзімді жақсы сезіндім, ол кезде де басынан бастап жақсы ойнадым.
Менің келесі қарсыласым өте мықты. Бірнеше рет ойнадық, бірақ көгалда емес. Ол әккі ойыншы. Сондай-ақ солақай, оңай емес. Ол күрескер. Өте қиын болайын деп тұр. Иә, мен қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысамын және барынша дайындаламын", - деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.
Елена Рыбакина 1/8 финалда Бразилия өкілі Беатрис Хаддад-Майямен кездеседі. Айта кетейік, дәл қазір Елена өзіне 180 рейтингтік ұпай мен 207 мың еуро жүлде ие болды (100,4 миллион теңге).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан