Шымкенттік "Ордабасы" командасының бас бапкері Александр Седнев Қазақстан Кубогы-2023 финалдық кездесуіннен кейін маусымды қорытындылады. Оның шәкірттері Қостанайлық "Тобылдан" жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Матч " Астана Аренада "өтті. Қорытынды есеп Тобылдың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз допты 68-минутта қостанайлық команданың жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков соқты.
"Тобылды" жеңісімен құттықтағым келеді. Өте қарқынды және қызықты матч болды. Алайда қауіпті сәттер көп болмады. Санаулы соққылардың бірі голға айналды. Өкінішке орай, бізде ойынды теңестіруге ресурстар жетіспеді. Менің ойымша шабуылдау кезенді ойын тәртібі жиі бұзылды. Дегенмен, ойыншыларға матчты дайындығы және ойын үшін алғыс айтамын. Біздің ресурсымыз таусылғанымен олар барын салды. "Тобылға" еурокубоктарда сәттілік тілеймін. Біз жеңіске жетіп, қаламызға тағы бір атақ әкелгіміз келді. Өкінішке қарай бұл матч сәтсіз аяқталды. Қолдау үшін жанкүйерлерімізге рахмет", - деді ол.
- Команданың матчқа ынтасы жоғары болмады. Бұл қуанышты жеңістен кейінгі босаңсу ма?
"Команданың дайындығы мен ойынға деген ерік-жігері жайлы сөз еткім келмейді. Менің ойымша біз жеңген кезде мұндай сұрақтар болмаушы еді. Біздің ойыншылар барын салды. Бірақ ақыр аяғында бізге қосымша күш жетпеді".
- Команда Асхат Тағыбергенге тәуелді ме?
"Кез келген команданың ойыны негізгі құрам ойыншыларына байланысты. Біздің негізгі ойыншыларымыз ұзақ уақыт бойы ойнаған жоқ. Солардың бірі әрине Асхат. Бір ойыншының айналасында команданың ойыны топтасқандықтан Асхаттың жоқтығы білінді".
- Келесі жылы команда Чемпиондар Лигасында ойнауы керек. Сіз командада қаласыз ба және құрамды күшейту жоспарда барма?
"Бүгін осы маусымның нүктесі қойылды. Бірақ бізде әлі де халықаралық матчтарда ойнайтын ойыншылар бар. Маған қатысты әңгіме жоқ. Егер маған келісімшарт ұсынылса, әрине, мен алға қойған міндеттерге қол жеткізе аламын ба деп ойланамын. Бұл қаланы, клубты өте ерекше жақсы көремін. Жаттықтырушының да бір командаға бере алатын жеке ресурсы бар. Егер мен клубқа қажет нәрсені бере алмайтынымды сезсем, онда мен оны қабылдамаймын. Осы маусымда алғашқы міндет еурокубоктарға кіру болды. Алайда ойыншылар чемпиондықты жеңіп алуды мақсат тұтты. Осы маусым клубқа серпін береді деп үміттенемін. Бұл стадионға да, инфрақұрылымды дамытуға да қатысты. Ертең атақ ұмытылуы мүмкін, сондықтан сіз мұндай нәрсені қазір істеуіңіз керек. Көп нәрсе клубтардың алдына қойылған міндеттеріне ғана емес Ордабасының экономикалық жағдайына да байланысты", - деді бас бапкер.
Қазақстан кубогынды жеңілгеніне қарамастан, "Ордабасы" келесі жылы ҚПЛ-2023 жеңімпаздары ретінде Чемпиондар Лигасының іріктеу кезегінде өнер көрсетеді. Ал "Тобыл" командасы Еуропа Лигасына жолдама алды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!