“Ордабасыны“ бельгиялық маман жаттықтырады

“Ордабасыны“ бельгиялық маман жаттықтырады
Фото: "Ордабасы" ФК

Бельгиялық маман Карел Герартс Шымкенттің "Ордабасы" клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Massaget.kz.

"Карел Герартс – "Ордабасының" жаңа бас бапкері. Ол бұған дейін "Юнион", "Шальке" және "Реймс" клубтарын жаттықтырған", – деп жазды шымкенттік ұжымның амбассадоры әрі бір иесі саналатын Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

44 жастағы Герартс бельгиялық "Юнион" клубын жаттықтырып, команданы Еуропа лигасының ширек финалына дейін жеткізген. Кейін Германияның "Шальке" клубында 33 кездесуде бас бапкер қызметін атқарды. Ал бельгиялық маманның соңғы жұмыс орны Францияның "Реймс" клубы болды. Ол бұл командамен 40 матч өткізіп, 2026 жылдың мамыр айында клубтан кетті.

2026 жылғы маусымда молдовалық маман Андрей Мартиннің жетекшілігімен "Ордабасы" өз тарихында алғаш рет "алтын дубль" жасады. Шымкенттік клуб Қазақстан чемпионы атанып, Түркістанда өткен ел Кубогының финалында қызылордалық "Қайсарды" 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

О. Сансызбай
Logotype Massaget