"Ордабасы" футбол клубы жеке басқаруға өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент әкімдігінде "Ордабасы" кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Шахмұрат Мүтәліп қол қойды.
Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылған.
Шахмұрат Мүтәліп клубты дамыту ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастырылатынын айтты.
"Ордабасы" - тарихы бай әрі жанкүйерлер қолдайтын клуб. Алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр", - деді ол.
Еске салайық, жуырда "Ордабасы" футбол клубының президенті кеңесшісі қызметіне Ермұхамед Мәулен тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!