"Ордабасы" футбол клубы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында тең ойнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 27 шілдеде қазақстандық клуб еурокубоктың жаңа маусымын Варшаваның (Польша) "Легия" командасымен кездесуден бастады.
Кездесу Шымкентте өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.
"Ордабасы" 13-минутта Всеволод Садовскийдің голының арқасында алға шықты.
48-минутта Мамаду Мбодж екінші голды соқты.
Қарсылас команда 63, 86-минутта екі гол соғып, есепті теңестіріп кетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!