“Оны шайнамай жұтамын, қазақтар осал емес“. Жәнібек Әлімханұлы тосын мәлімдеме жасады

“Оны шайнамай жұтамын, қазақтар осал емес“. Жәнібек Әлімханұлы тосын мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында тосын мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы алдағы жоспарын айтты.

"Канело ма, Шираз ба? Қайсы батыл екен, көрейік. Кей жанкүйердің көкейінде "Жәнібек Канелоны ұта ала ма екен?" деген сұрақтар бар сияқты. Канело менімен шығуға батылы жетсе, жалпақ тілмен айтқанда, оны шайнамай жұтамын! Құдай тәкаппарлықтан сақтасын, сенімді түрде айтайын, өз деңгейімді және оның деңгейін өте жақсы білемін! Қазақтар осал емес! Кәсіпқой бокста өз орнымыз бар ұлтпыз! Тілеулес жанкүйердің бәріне мың алғыс! Біз енді басқаша болып ораламыз! Суперорта салмақтың ағысы өзгертуге келдік!" - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы орта салмақта WBO белбеуінен бас тартып, екінші орта салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін ұйымның уақытша чемпионы болған Дензел Бентли толыққанды әлем чемпионы мәртебесіне ие болды.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі рекорды - 17 жеңіс, бірде-бір жеңіліс жоқ. Оның он екісін нокаутпен аяқтаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget