Өнер Сейілхан әлем кубогының жарты финалына шықты

Қазақстандық боксшы Өнер Сейілхан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде жарты финалға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековтен басым түсті.

Осылайша, Өнер Сейілхан кем дегенде қола жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова да (57 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!