Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы ең көп табыс тапқан боксшылар рейтингін бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Surprisesports.com сайтына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, Головкин кәсіпқой карьерасында 150 миллион АҚШ доллар немесе 69,75 миллиард теңге табыс көрген. Бұл - орта салмақ тарихындағы абсолют рекорд.
Мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген үш жекпе-жек GGG-ге жалпы есепте 82 миллион доллар табыс алып келді:
Айта кетейік, 30 миллион долларлық гонорар - орта салмақтағы ең ірі төлем болып саналады.
Екінші орынға америкалық аңыз Бернард Хопкинс жайғасты - ол кәсіпқой рингте 51 жасқа дейін өнер көрсетіп, 60 миллион доллар табыс тапқан. Оның Оскар Де Ла Хойяны жеңіп, 10 млн доллар алған жекпе-жегі Головкин дәуіріне дейінгі ең жоғары гонорар болған.
Үздік үштікті Оскар Де Ла Хойя түйіндеді - "Алтын бала" орта салмақта 50 млн доллар кіріс көрген.
Бесінші орынға Канело Альварес орналасты - ол орта салмақта 40 млн доллар табыс тауып, кейін суперорта салмақта үстемдік етті. Оның Головкинмен өткізген екі мега жекпе-жегі Канелоны бокстағы ең ірі қаржылық жұлдыздардың біріне айналдырды.
Орта салмақтағы ең көп табыс тапқан ТОП-10 боксшы:
Головкин кәсіпқой рингте 42 жеңіске жетіп, оның 37-сі нокаутпен аяқтаған. Екі рет жеңіліп, бір мәрте тең түсті. Ол орта салмақта әр уақытта WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған.
GGG орта салмақтағы нокаут пайызы ең жоғары боксшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ, ол Бернард Хопкинстің чемпиондық белбеуді сәтті қорғау рекордын (21 рет) жаңартты.
2025 жылы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) енген алғашқы қазақстандық атанды.
Головкин кейінгі рет 2022 жылғы қыркүйекте рингке шығып, Канеломен болған трилогияда төрешілер шешімімен жеңілген.
2024 жылғы ақпанда ол ресми түрде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті атанды. Сонымен қатар, Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!