“Оңай болған жоқ“ - Кирилл Герасименко айтулы жеңісінен кейін

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ол осынау жеңісіне қатысты пікір білдірді.

"Жарыс басталар алдында Омар Ассар да келеді деп ойладым. Онымен финалда жолығамыз деп жоспарладым. Олимпиададағы кездесуден кейін одан кеткен есемді қайтарып алғым келді. Ойын оңай болған жоқ, үстелге бейімделу қажет болды. Дегенмен Омарға да оңай болмады, бұл байқалып тұрды", - деді ол.

Еске салайық, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында жолыққан еді. Ол кезде мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!