Қазақстандық волейболшы әлеуметтік желіде жантүршігерлік кадрларды бөлісті. Кристина Карапетян шетелдік жігіттен таяқ жегенін хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
31 жастағы спортшы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтып, жақын арада Қазақстанға ұшатынын хабарлады.
"Қазір менің өміріме қауіп төніп тұр. Жексенбі күні кешке мені 1993 жылы 25 мамырда туған кипрлік Георг Цангарис есімді жігітім ұрып-соқты. Мен Қазақстанға дереу билет сатып алып, құрбымның үйінде тұрдым, бірақ онымен жайбарақат сөйлесе бердім, өйткені мен не күтерін білмедім. Әке-шешесі де, өзі де полицияға ештеңе жазбауымды өтінді. Ол менің Қазақстанда аяғымнан тұруыма қаржылай көмектесетін болды, өйткені мен дымсыз қалдым. Мен оған "Маған материалдық және моральдық шығынды өте, мен сенің атыңды атамаймын" дедім. Көп сөз таластырғаннан кейін ол "Мен сенің өміріңнің астаң-кестеңін шығарамын, ал сен өкініп қаласың" деді. Қазір мен полицияға барамын. Оның шынымен де есі дұрыс емес және бәрін жасауы мүмкін. Мен өз өмірім үшін қорқамын. Ертең Қазақстанға ұшамын", - деп жазды Кристина әлеуметтік желіде.
Бұған дейін Карапетян жаңа қарым-қатынасы туралы айтқан еді, бірақ сүйіктісінің атын атамаған.
Айта кетейік, Кристина Карапетян Ресейде туған, бірақ 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсете бастады. 2020 жылы волейболшы жарақатына байланысты спорттан кететінін хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!