Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшыға Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы "Екi немесе одан көп адамға қатысты жасалған билік өкілін қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" бойынша айып тағылды.
15 желтоқсанда сот Дәулет Шабанбайды кінәлі деп тапты. Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
©️ Tengrinews.kz
Сот талқылауы барысында биыл қыркүйекте ер адам мас күйде Ұлттық ұланның үш әскери қызметшісіне шабуыл жасағаны белгілі болды. Әскери қызметшілер кешке ер адамды тоқтатып, шағым түсуіне байланысты ескерту жасаған. Осыдан кейін арада жанжал шыққан.
Спортшы әскери қызметшілердің бірін итеріп жіберіп, тепкен, кейін жасақ басшысын бетінен, одан соң үшінші сарбаздың көзінен ұрған.
Еске салайық, бұған дейін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай сот алдында жауап беріп жатқаны хабарланды. Айта кетейік, Дәулет Шабанбай - еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова