Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Ол жартылай финалда филиппиндік Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, 20 жастағы спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасына аттанбақ..
Айта кетелік, іріктеу сынында Абабакиров Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын жеңді.
Кешегі жарыс күнінде Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!